Байзаков Иса


Иса Байзаков (1900, современный Иртышский район (Павлодарская область) Павлодарская область — 1946, Алма-Ата, Казахская ССР, СССР) — казахский народный акын, певец, композитор. Награждён орденом Трудового Красного Знамени.

Биография Родился в селе Ульгули Иртышского района. Происходит из подрода Альке рода Куандык (внутри алтай-карпыки) племени Аргын. С детства Ису в семье окружала атмосфера творчества, которая была создана благодаря подлинному интересу и любви к искусству его отца Байзака и матери Газизы. Талантливыми певцами, домбристами, были его родственники Злиха и Рахмет. Мать Исы умерла рано, когда ему было 9 лет, затем мальчик воспитывался у бабушки Жанбалы, замечательной певицы и рассказчицы. Рахмет научил его играть на домбре, привил любовь к народной песне.

Его старшая сестра Злиха рассказывала, что в среде сверстников он был признанным лидером, выделялся ловкостью, проворством, остротой ума. Иса был горазд на всевозможные выдумки. Его страстью стала верховая езда, ему не было равных в джигитовке, он создавал и придумывал новые приемы. Иногда на полном скаку становился на круп лошади и, стоя, вихрем проносился мимо изумленных аульных аксакалов. Сверстники Исы восхищались им, подражали и стремились во всем походить на него, Обучался в аульной школе, до 1917 года батрачил, работал на сибирских копях. В 1921 году окончил рабфак, в 1922 году обучался в Казахском институте просвещения в Оренбурге. В 1926 году стал актёром Казахского театра драмы в Кызыл-Орде. В 1931-1940 годах работал на Казахском радио, в Союзе писателей Казахстана.

Во время Великой Отечественной войны выступал как певец-агитатор, исполняя свои патриотические песни. В этот период он также плодотворно работал как композитор. Похоронен на Центральном кладбище Алма-Аты

Творчество В 1919-1920 годах Иса Байзаков состязался в айтысах с акынами Багитом и Кудайбергеном, в которых одержал победу. Активно участвовал в работе драмкружка в городе Семипалатинске, в художественной самодеятельности, выступал в составе концертных бригад на крупных стройках республики. Исполнял роли главных героев в ранних пьесах М. О. Ауэзова «Енлик — Кебек» и «Байбише — токал», поставленных на сцене первого Казахского национального театра (открыт в городе Кызыл-Орда в 1926 году).

В соответствии с требованиями нового времени обновил содержание 40 народных песен, среди которых — «Заулатшы-ай» (1926), «Калка», «Смет», «Назконыр» (1927) и другие. Ряд переработанных Байзаковым текстов был записан собирателем казахского музыкального фольклора А. В. Затаевичем и переложен на ноты («Кокен», «Бике», «Жар-жар» и другие). Большинство народных песен из репертуара Байзакова вошли в оперы «Айман Шолпан», «Ер Таргын», в опере «Кыз Жибек» использовалась известная песня «Гакку».

Песни акына создавались как в устной, так и в письменной форме. В печати песни Байзакова были впервые опубликованы в 1924 году. Являлся автором ряда эпических произведений, созданных на основе казахского фольклора — «Красавица Куралай» (каз. «Құралай-сулу»), «Сказка пастуха» (каз. «Қойшының ертегісі»), «В предгорьях Алтая» (каз. «Алтай аясында»), «Кырмызы Жанай» (каз. «Қырмызы-Жанай»), «Кавказ» (каз. «Кавказ»), «Акбопе» (каз. «Ақбөпе»).

Память Именем композитора названа улица в Алмалинском и Бостандыкском районах Алматы. Именем Исы Байзакова названа улица в Павлодаре.


Иса Байзақов (3.10.1900, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылы — 3.9.1946, Алматы) — ақын, әнші-композитор.

Өмірі

Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса” атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында, 1929—1932 жылы Қазақ педагогикалық институтында оқыған. 1926—1929 жылы Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек, Серке Қожамқұлов, Елубай, тағы басқа актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады. Театр алғаш қойған М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Бәйбіше — тоқалында” басты рөлдерде ойнайды. Өзі инсценировка жасаған “Біржан — Сара” қойылымындағы Біржан рөлінде нағыз актерлік дарынын танытқан. 1932—1940 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды.

Өзгеше жанры

Көптеген өлеңдеріне өзі өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның тыныс-тіршілігінің түрлі көріністерін арқау еткен. Ақын өлеңдерінде фольклорлық сипат басым. Бұл

— оның суырып салмалық талантына байланысты ерекшелігі. Байзақовтың жұрт алдында айтылатын ұзақ толғау алдындағы кіріспе іспетті, өзіндік әні бар желдірмелері халық арасына кең тараған. Байзақов поэма жанрын дамытуға да зор үлес қосты.

· “Ұлы құрылыс” (1933), “Алтай аясында” (1934), “Он бір күн, он бір түн” (1938), “Кавказ” (1940), “Ақбөпе” (1941), “Қырмызы — Жанат”, “Қойшының ертегісі”, тағы басқа көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. “Құралай сұлу”, “Алтай аясында” поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, “Ақтабан шұбырынды” заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтеріледі. Әлеуметтік қайшылықтарға толы “Ақбөпе” поэмасында ақын өз кейіпкерлері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жастарының ең жақсы қасиеттерін жинақтаған. Ақбөпе — өз бақыты үшін күрескен өр мінезді қазақ қызының бейнесі. Байзақовтың ақындық дарыны Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше танылды. Ақын өзінің отты жырларымен ел ішіндегі насихат жұмысына белсене араласып, еңбектегі ерлікті жырлады. Байзақов 40-тан астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртті. Оның шығармашылығы — қазақ поэзиясындағы жарқын белестердің бірі. Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған. Байзақовтың өмірі мен шығармашалығын Е. Ысмайылов, М. Хасенов, Р. Бердібаев, тағы басқа зерттеген. Жазушы Н. Ановтың “Ән қанаты” романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесі жасалды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1939).

Эпикалық шығармалары

· «Құралай сұлу» (1925)

· «Қойшының ертегісі» (1926)

· «Алтай аясында» (1939)

· «Кавказ» (1941)

· «Қырмызы-Жанай» (1940, аяқталмаған)

· «Ақбөпе» (1945)

· «Неге Алатау шаттанды» (1929)

· «Ұлы құрылыс» (1933)

· «Он бір күн, он бір түн» (1939)

Логотип.gif

ГУ "Школа-лицей №8 для одарённых детей"

www.lizey8.kz

 

Сохраняя прошлое, создаем будущее.